"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА-ДА ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

23 қазанда «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ Басқарма Төрағасы Бекбол Орынбасаров құрамына Иран Ислам Республикасының бизнес өкілдері және Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығының өкілдері кіретін Иран Ислам Республикасының делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды және жеңіл өнеркәсіп, резеңке бұйымдар өндірісі және т.б. салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Соңында Иран Ислам Республикасынан келген делегация АЭА тартымдылығын жоғары бағалады және одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

 

Желілерде бөлісу:

  • 1390